Құлсарыдан 15 мың адам эвакуацияланды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ-ның соңғы ұсынған мәліметтері бойынша Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласынан Маңғыстау облысына 15 000-ға жуық адам, оның ішінде 5 500-ге жуық бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 уақытша орналастыру пункттеріне 1641 адам, оның ішінде 741 бала жеткізілгені де нақтылынады. 12 000-нан астам адам туыстарының үйлеріне орналастырылды.

"Маңғыстау облысы ТЖД және ЖАО күштерімен сыйымдылығы 83 000-нан астам адамды құрайтын 201 халықты уақытша орналастыру пункттері дайындыққа келтірілді". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Құзырлы ведомство эвакуациялау жұмыстары әлі жалғасуда екенін нақтылайды.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сондай-ақ "Батыс" өңірлік қолбасшылығы 99116 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Құлсары қаласының маңындағы Жем өзенінің атырабында жару жұмыстарын жүргізді.


"Оның нәтижесінде өзеннің өтімділігі артты", делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Айта кетсек, бүгін, 6 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлескен болатын.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер