Құлсары қаласында жоғалып кеткен екі адам өлі күйінде табылды

Сурет: ҚР ТЖМ
Бүгін, 7 сәуірде таңғы сағат 11 шамасында Атырау облысы ТЖД күшімен су тасқыны кезінде Құлсары қаласында жоғалып кеткен екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылы 6 сәуірде Жылыой ауданының Құлсары қаласында 1974 жылғы ер адам досымен бірге рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен аттанып, жолда аударылып қалған.

"Іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 3 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды. ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады", делінген құзырлы ведомство хабарламасында.

Айта кетсек, 39 ауданда зардап шеккен елдімекендер қоршауға алынды. Қараусыз қалған 1 266 тұрғын үй мен басқа да нысандар күзетілуде.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды