Жайық өзенінде су деңгейі көтерілді: БҚО-да адамдарды эвакуациялаудың екінші кезеңі басталды

БҚО-да Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты адамдарды алдын ала эвакуациялаудың екінші кезеңі басталды. Жайық бойындағы үйлер мен саяжайларда тұратын халық өзеннің арнасынан шығуына байланысты эвакуацияланады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы кезекті әуеден барлау жұмысын жүргізген, бүгіндері облыста жүрген Премьер-министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаров мәлімдеді.

"2024 жылғы 8 сәуірдегі жағдай бойынша өзендегі су деңгейі 703 см-ге жетті және әлі де көтерілуде. Былтырғы максимум 557 см болған. Су Ресей Федерациясы тарапынан тасқынға байланысты Ирикла мен Приузен су қоймаларынан қарқынмен жіберіліп жатыр. Эвакуациялық пункттер азаматтарды қабылдауға дайын", — деді Нұрлан Байбазаров. 

Жайық өзенінің жағалауын нығайту және Орал қаласы мен облыстың төрт ауданында дамбалар салу жұмыстары жалғасып жатыр.

Атап айтқанда,  Даринск, Байқоңыс, Озерный, Володар, Январцево, Ақсу, Рубежинское және т. б. ауылдардың маңында уақытша дамбалар салынады. 

"Қала басшылығы тұрғындардан әкімдік өкілдері мен еріктілердің нұсқауларын орындауды сұрайды. Толық эвакуациядан кейін қажет болған жағдайда газ, су және электр қуаты өшіріледі", делінген хабарламада.

Эвакуацияланған аудандардағы құқықтық тәртіпті жергілікті полиция қызметі мен ТЖД қамтамасыз етеді.

Орал
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: