Роман Скляр: Петропавлдың барлық ауданына түнгі 00:00-ден кейін су келе бастады

Сурет: primeminister.kz
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр "Қызылжар Су" ЖШС-ның екінші деңгейдегі сорғы станциясын қалпына келтіру жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші деңгейдегі станса істен шыққаннан кейін бірінші вице-премьер жаңа сорғыны орнатуды аяқтап, Петропавл қаласын 14 сәуірге қараған түні сумен қамтамасыз етуді тапсырды, делінген Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Түнгі 00:00-ден кейін қаланың барлық ауданына су келе бастады. Резервтік көзде жеткілікті көлемде су жиналып, іске қосылды. Сумен қамтамасыз ету үздіксіз болады. Судың сапасы мен коагулянттардың қолжетімділігі қамтамасыз етілген", — деді Роман Скляр.

Ол жұмыстардың тәулік бойы жүргізілетінін атап өтті.

Сондай-ақ бірінші вице-премьер Петропавл қаласының Подгора ықшам ауданындағы құтқару жұмыстарының барысын тексерді. Су басқан жерлерден дрон көмегімен 48 адам эвакуацияланған. Құтқарушылар іздестіру жұмыстарына тепловизоры бар ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланды. Нәтижесінде 59 адам табылған, алайда олардың 11-і үйінен кетуден бас тартқан. Бірінші вице-премьер оларды дереу эвакуациялауды тапсырды.

"Қалған адамдарды шұғыл эвакуациялау қажет. Қауіпті аймақта қалуға болмайды. Қарсылық танытқандарды әкімшілік жауапкершілікке тартып, қауіпсіз жерге жеткізу керек", — деді ол.

Айта кетсек, облыс орталығы - Петропавл қаласында ауыз су беру тоқтатылған болатын.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін