Су тасқыны болған Жылыой ауданында жаппай дезинфекция жұмыстары жүргізілді

Сурет: видеодан алынды
Жылыой ауданындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штаб су тасқыны болған елдімекендердің су құбырларына, аулаларға жаппай дезинфекция жүргізілгенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел штабтың мәліметінше, су тасқыны басталғаннан бері Жылыойда жұқпалы аурулар ішек инфекциясы, вирустық гепатит, іш сүзегі, паратиф, аса қауіпті инфекция ретінде тіркелмеген.

Жылыой ауданындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты болуы үшін мынандай шаралар атқарылды:

Эпизоотиялық жағдай: су басқан шағын аудандарда мал қорымына 436 бас ірі қара мен құс, 20 үй жануарлары (иттер) тәркіленіп, жойылды.


"Жануарлар иелері тарапынан актілер жасалды. Құлсары қаласының қалған шағын аудандарында және Қарағай елді мекенінде эпизоотиялық жағдай тұрақты. Құлсарға келіп жатқан су тоқтатылды. Бақашы су басқан ауданының 1.5 шақырымында жол салынды, Құрсайға келетін су тоқтатылды. Жұмыстарға 15 бірлік техника жұмылдырылды". Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штаб

Айта кету керек, қазіргі уақытта қала аумағында тасқын суларды тәулік бойы тазарту және құрғату жұмыстары жүргізілуде. Дезинфекциялық жұмыстар жалғасуда.


Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз