Шымкентте жалған полицейлер ұсталды

Сурет: pixabay
Шымкентте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері қала тұрғындарына күш қолдану арқылы үлкен көлемдегі қаражатты ашық түрде иемденген үш ер адамды тұтқындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктілер полиция қызметкерлерінің атын жамылып, тұрақты түрде ақша бопсалаумен айналысып, "қорғауға" аламыз деп, ай сайын төлем талап еткен. Күдіктілердің бірінен полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді. Ал екінші күдікті алаяқтық үшін бұрын сотталған болып шықты.

"Мұндай әрекеттер өз міндеттерін адал атқаратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан оларға қатаң түрде тосқауыл қойылатын болады. Күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау, тонау және билік өкілі атағын өз бетінше иемденіп алу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір олардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қаскөйлер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Сондай-ақ, Шымкент полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын сатумен айналысқан Алматы тұрғынын ұстады.

Шымкент
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды