Алматы облысында 4 жасар баланы көлік қағып, мерт қылды

Сурет: Zakon.kz
10 мамырда кешқұрым Алматы облысының Саймайсай ауылында 2018 жылғы баланы көлік қағып кетіп, мерт қылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Пащенко көшесінде болды. Opel Astra көлігі жолға атып шыққан баланы қағып кеткен. Көлік рөлінде әйел адам болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бала жолға аяқ-астынан атып шыққан.

Сурет: Zakon.kz


Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнына жеткен біздің тілшімізге сол маңдағы адамдар балақайдың әрдайым жолдың арғы бетіндегі құм үстінде ойнайтынын жеткізді. Әйел адам бірден жедел жәрдем көлігін шақырды, олар баланы жансақтау бөліміне жеткізді, бірақ кейінірек балақайдың көз жұмғаны белгілі болды.

Сурет: Zakon.kz


Сурет: Zakon.kz

Жол апатының мән-жайын Алматы облысының анықтаушысы анықтайтын болады, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті