11 жыл бойы ұрып-соғып, азаптады деген бұрынғы әйелінің айыптауына қатысты аудан әкімі жауап берді

Сурет: Facebook/Ринат Ибрагимов
Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов бұрынғы әйелінің өзін ұрып-соққаны, қорлағаны туралы айыбына қатысты жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұрынғы әйелі Ақмарал Үмбетқалиеваның сөзін жоққа шығарады.

"Бұрынғы жұбайымның менің атыма таққан негізсіз айыптауларымен жалған ақпараттары БАҚ-та кеңінен тарап кетті. Жеке өмірім туралы пікір айтудың қажеті жоқ деп санаймын. Бұрынғы жұбайым әртүрлі әлеуметтік желілерде тараған соңғы оқиғаларға байланысты, менің лауазымды тұлға екенімді біле тұра, осындай мәлімдемелер жасап жатқан сияқты", деп жазады әкім Facebook-тегі парақшасында.

Әкім ортақ балалары - екі қызының өзімен бірге тұратынын, олар махаббат пен сүйіспеншілікте өмір сүріп жатқанын нақтылайды.

"Мұндай шешім екі қызымның қалауы бойынша қабылданып, бұдан басқа бұл туралы соттың заңды шешімі де шыққандығын хабарлаймын. Шабуыл жасады деген айыптауларға келсек, қазір сот процесі жүріп жатқандығын және де БАҚ өкілдерінен асығыс қорытынды жасамауларын сұраймын", - деді Ринат Ибрагимов.

Айта кетсек, Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтың бұрынғы әйелі Ақмарал Үмбетқалиева өзін 11 жыл бойы ұрып-соғып, азаптады деп шендіні айыптады. Кейін Атырау облысының әкімдігі қызметтік тексеру тағайындалғанын хабарлады.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады