Алматыда құйғытып жүрген мектеп түлектерінің кортежі видеоға түсіп қалған

Сурет: pexels
25 мамырда Алматыда мектеп түлектері мінген көліктер кортежі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 12 автокөліктен тұратын кортеж "Көктөбе" ықшам ауданы маңынан төбе көрсеткен. 

Видеода жастардың көліктің төбесіндегі терезеден басын шығарып, қозғалыстың басқа қатысушыларына кедергі келтіргені байқалады. Қалай болса, солай тайсақтаған кортеж қаладағы бейнебақылау жүйесінің камераларына түскен. 

"Өткен жылдардағы тәжірибені ескере отырып, биыл Алматы қалалық полициясының саптық бөлімшелері профилактикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Бұған дейін хабарланғандай, полиция базасында алдын ала автокөлік жалдау фирмаларының басшыларымен кездесу өткізілген болатын. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісінің алдын алынды. Аталған кортежді мамандандырылған батальон қызметкерлері ұстады", - деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Серік Шумаев.

Оның айтуынша, жүргізушілерге қатысты жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу, қауіпсіздік белбеуін тақпау, жалған мемлекеттік нөмірмен жүру, маневр жасау ережелерін бұзу, апатты жағдай туғызу бойынша 84 әкімшілік хаттама толтырылды. 12 көлік арнайы айып тұрағына қойылды.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді