Атырау облысында суға батқан екі адамның денесі табылды

Сурет: pixabay
29 мамырда Атырау облысында суға батқан екі ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталы Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, сағат 15: 55-те Қамыскөлден құтқарушылар 33 жастағы ер адамның денесін алып шығып, оны полицияға тапсырғанын жазады. Ол адамның бір апта бойы іздестірілгені белгілі. Туыстары оны Жем өзеніне балық аулауға кетіп, содан оралмағанын айтқан. 

Сол күні сағат 16:15-те Махамбет ауданы Ақжайық ауылынан бес шақырым жерде құтқарушылар тасыған өзен суынан 24 жастағы жігіттің денесін алып шықты. Ол "Манаш" шаруа қожалығынан мал жаюға кетіп, сол күйі жоғалып кеткен екен.

Соңғы күндері облыста суға батқан үш адамның денесі табылды. 

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді