Израильдің Алеппо маңындағы зымыран шабуылы кезінде 17 адам қаза тапты

Сурет: sham.fm
Сирия Қорғаныс министрлігі Израильдің Алеппоға жасаған шабуылынан қаза тапқандардың саны 17-ге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарламасында жергілікті уақыт бойынша сағат 0:20 шамасында "жау оңтүстік-шығыстан әуе шабуылын жасады" делінген.

Al Hadath телеарнасының хабарлауынша, Алеппоның оңтүстік-шығысындағы Хайян ауданында (Дамаскіден 360 шақырым) жарылыстар болды. Шабуылдың құрбандары үкіметтік күштер мен шиит құрылымдарының 17 әскері болды. Тағы 15 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды.

Осы уақытта Sham FM радиостанциясы зардап шеккендердің саны 46-ға дейін өсті деп хабарлайды.

Бұған дейін Израиль әскері Сириядағы "Хезболла" базасына оқ жаудырғаны хабарланған болатын.

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды