ШҚО-лық студент қыз өз әкесін сотқа берді

Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысындағы кәмелетке толған қыз өзінің оқу кезеңінде әкесінен алимент өндіріп алу үшін сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыз 2024 жылдың қаңтарында 18 жасқа толды. Осыған байланысты әкесінің алименттік міндеттемелері тоқтатылды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы соттарының баспасөз қызметі.

Алайда, қазіргі таңда талап қоюшы жыл сайынғы оқу ақысы 250 000 теңгені құрайтын колледждің ақылы бөлімінде оқиды. Әкесі талап қоюшыға оқу кезінде өз еркімен материалдық көмек көрсетпейді.

"Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толған, бірақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі балаларына, күтіп-бағу қаражатын ерікті түрде бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің 138б. 2б. сәйкес сот тәртібімен өндіріп алынады. Талап қоюшы осы құқығын пайдаланып, сотқа жауапкерден оны күтіп-бағу үшін белгіленген ақшалай алимент өндіру туралы арызбен жүгінді",- делінген ақпаратта.

Сот отырысында тараптар келісімге келіп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішхат беріп, келісім сотпен бекітілді және осыған байланысты іс қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы