Атырау полициясы азаматтық әйеліне пышақпен шабуыл жасаған ер адамды іздеуде

Сурет: pxhere
Атырау полициясы азаматтық әйеліне көппәтерлі үйдің кіреберісінде шабуыл жасап, оған бірнеше рет пышақ жарақатын салған ер адамды іздеуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шабуылдың видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрларда әйелдің пәтерден шығып, есікті жауып, баспалдақпен төмен түскенін көруге болады. Осы кезде ер адам баспалдақтың астынан шығып, оған бірнеше пышақ жарақатын салады. Әйелді құлаған күй қалдырып, қашып кетеді.

Қазір зардап шеккен адам жансақтау бөлімінде.

Атырау облысының ПД 9 маусымда Атырау қаласының көппәтерлі үйлерінің бірінің кіреберісінде 33 жастағы әйелді өлтіруге оқталу фактісі бойынша 29 жастағы күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Күдіктінің жеке басы анықталды, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешені қабылдануда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта күдікті мен жәбірленушінің бұрын азаматтық некеде болғандығы анықталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді".Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматы облысында тәртіп сақшысына шабуыл жасалған болатын.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды