Алқабилер қарақшылық шабуыл жасады және кісі өлтірді деп айыпталған жасөспірімдерді ақтады

Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысында алқабилердің қатысуымен қарақшылық шабуыл жасады және кісі өлтірді деген айыппен екі адамға қатысты қылмыстық іс қаралды , деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс алқабилердің қатысуымен қылмыстық істер бойынша Мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Екі сотталушы да қарақшылық және кісі өлтірді деп айыпталды. Мұнымен қоса, күдіктінің бірі – бөтеннің мүлкін ұрлады деп айыпталған.

Айыптау нұсқасы бойынша айыпталушы (тонау мақсатында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында) жәбірленушінің үйінің ауласына кіріп, оны өлтіріп, 150 мың теңгесін ұрлап кеткен. Екі айдан кейін айыпталушылардың бірі әжесінің, одан кейін досының 2 млн теңгеден астам ақшасын ұрлаған.

"Алқабилердің шешімімен тонау және кісі өлтіру бойынша айыпталушылар кінәсіз деп танылып, кінәлары дәлелденбегендіктен ақталды",- деп хабарлады Жоғарғы Сот 18 маусымда.

Олардың бірі бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Оның кінәсі мойындауларымен, жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.

"Жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кәмелетке толмағандығы, кінәсін ішінара мойындауы және 3-топтағы мүгедектігі барлығы аталды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған. Ол 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді",- деп хабарлады ведомство.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты