Алматыдағы ірі жол-көлік апаты: бір адам мерт болып, екі адам жарақат алған

Сурет: Zakon.kz
Алматыда Сүйінбай мен Бекмаханов қиылысында бірнеше автокөліктің қатысуымен болған ірі жол-көлік апаты тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Volkswagen Golf көлігі Бекмаханов көшесімен батыс бағытқа бет алған, ал ZAZ Chance және Chevrolet Ravon көліктері оған қарсы бағытта келе жатқан. Үш көлік Сүйінбай даңғылының қиылысында болғанда, оларға Hyundai Elantra көлігі жоғары жылдамдықпен соқтығысқан.

Қатты соққыдан Chevrolet көлігіндегі жолаушы тротуарға ұшып кеткен. Әуежайға бет алған жас жігіт алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

ZAZ Chance көлігінде өрт шыққан. Жалын өтіп бара жатқан жүргізушілердің көмегімен сөндірілді.

Hyundai көлігі болса, жол жиегіндегі арыққа шығып кеткен. Көліктегі жолаушы ауруханаға жеткізілсе, жүргізушіні сол жерге келген полицейлер ұстап алып, медициналық тексеруге алып кетті. Куәгерлердің айтуынша, ол ішімдік ішіп алған, аяғынан әрең тұрды.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері ЖКО-ның барлық мән-жайын анықтауда.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз