Атырауда бұрынғы әкімге әйелін ұрғаны үшін үкім шығарылды

Сурет: Instagram/umbetkaliyeva_notarius, gov.kz
Атырау қаласының No2 сотында Атырау облысы Мақат ауданының экс-әкімі Ринат Ибрагимовқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру фактісі бойынша айыпталды.

2023 жылғы 31 мамырда Атырау қаласында пәтерде айыпталушы мен оның әйелі арасында жанжал болғаны сотпен анықталды.

"Жанжал кезінде И.Р., жәбірленушінің өзіне материалдық тәуелділігін пайдаланып, осы негізде жанжал шығарып, әйелі У.А-ны оң иығынан ұстап, есікті жауып, бөлмеге кіргізген. Ешкімнің кедергі жасамайтынына көз жеткізіп, денсаулығына қасақана зиян келтіру мақсатында У.А.-ны еденге құлатқан және сол жақ санынан бірнеше рет тепкілеген, соның салдарынан жәбірленуші У.А. 5-ші омыртқасының сынуы түрінде, ығысусыз орташа ауырлықтағы зақым алған",- деп хабарлады Жоғарғы Сот.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

Сот үкімімен Ибрагимовқа екі жыл бас бостандығын шектеу тағайындалды.

Жәбірленушінің 20 млн теңге мөлшерінде моральдық зиянды өндіріп алу туралы азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды: сотталғаннан жәбірленушінің пайдасына 2 млн теңге өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

2024 жылғы 17 мамырда Қазақстанда отбасылық тағы бір жанжал туындағаны белгілі болды. Бұл жолы ел назарына Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов ілінді. Оның бұрынғы әйелі Ақмарал Үмбетқалиева шенеунік өзін 11 жыл бойы ұрып-соғып, азаптап келді деп айыптады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс