Білім беру саласында 15 млрд теңгенің ұрлығы анықталды

Сурет: Zakon.kz/Eлисеева Екатерина
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров 19 маусымда өткен брифингте ведомство білім беру саласындағы жүйелі сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарды анықтап, 229 қылмыстық істі тіркегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың жүйелі фактілерінің жолын кесу жұмыстары жалғасуда.

"2023 жылдың басынан бері осы салада барлығы 229 қылмыстық іс тіркелген. Олар бойынша шығын 15 миллиард теңгеден асты. Ұрлықтың ең көп сомасы Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласында анықталды. Қылмыс жасауда 317 адам әшкереленді, оның ішінде 144 адам сотталып, түрлі жазалау шаралары қолданылды", – деді Данияр Бигайдаров.

Ол Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шалқар ауданының білім бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлады.

"Ол аудандық жалпы білім беретін мектептің директоры арқылы ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларынан қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін жалпы сомасы 18,5 миллион теңге пара алды деп күдіктелуде. Соттың санкциясымен білім бөлімінің басшысы мен аудандық мектеп директоры қамауға алынды", - деп толықтырды ведомство өкілі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді