Абай облысында суға батып бара жатқан әйел құтқарылды

Сурет: pixabay
22 маусымда Абай облысында суға батып бара жатқан әйел құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, шомылу кезінде 1976 жылғы әйелді судың қатты ағыны ағызып әкеткен. Көмек сұрап, жанұшыра айқайлаған әйелдің айқайын өрт сөндірушілер Жұмағазин Жанғазы мен Оспанов Әділет естіп қалады.

Оқыс оқиға Курчатов қаласында болған. "Курчатов қаласының қалалық жағажайы" аумағында жаяу патрульдеу жүргізу барысында, қос өрт сөндіруші әйелді құтқарып, судан шығарды.

Қазіргі уақытта құтқарылған әйелдің жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады