Жаңа оқу жылында қандай мамандықтар сұранысқа ие болады

Сурет: ҚР Білім министрлігі, АИ Фото иллюстрациялары
Еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында құжаттарды қабылдау басталды. ҚР Білім министрлігінің мәліметінше, 2024-2025 оқу жылында техникалық мамандықтар сұранысқа ие болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның 26 маусымда таратқан ақпараты бойынша, жаңа оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 145 мың абитуриент қабылданады деп жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 10 мың адамға көп.


"Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық, яғни геология, машина құрастыру, энергетика, ІТ, металлургия, көлік және т.б. мамандықтар бойынша көбейтілді. Сонымен қатар, биыл үшінші жыл қатарынан колледж абитуриенттерді жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қабылдауда. Бұл жыл сайын еңбек нарығының сұранысына сай мамандықтарға 10 мың студентті қабылдауға мүмкіндік береді,- деп хабарлады министрлік.

Сондай-ақ осы жылдан бастап колледжге квота тізімі кеңейтіліп, арттырылады:

"Абитуриенттер өтінішті колледжге қағаз түрінде және egov.kz порталы арқылы электронды түрде екі жолмен бере алады. Колледжге түсу үшін 9-сынып түлектері 25 маусым мен 18 тамыз, 11-сынып түлектері 25 маусым мен 20 тамыз аралығында құжат тапсыра алады". ҚР Білім министрлігі

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жоғары оқу орындарының кейбір түлектерін әскерден босату ұсынылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты