Қылмыстық істің апелляциялық соты 26 маусымда өтті.
"Өткен жылдың 25 маусымында 15 жасар Т. кешкі сағат жеті шамасында Қонаев қаласының демалыс аймағының алдында болған жанжал кезінде жәбірленуші К. – ны жақ аймағынан оң қолымен бір рет соққы жасаған. Соңғысы соққыдан жерге құлап, есінен танып қалған, бұл ретте сот анықтағандай жәбірленушінің Т. соққысынан емес, өз бойының биіктігінен құлауынан және басын жерге соғудан ауыр дене жарақатын алғаны анықталды",- делінген хабарламада.
2023 жылдың 21 шілдесінде жәбірленуші К. алған жарақаттан, кома күйінен шықпай, қайтыс болды.
Алматы облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 26 сәуірдегі үкімімен ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша бас бостандығынан айыруға 6 жыл 8 ай жаза тағайындалды.
"Сотталушының кінәсі ҚК-тің 104-бабының 1-бөлігі (Абайсызда қазаға ұшырату) куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және оқиғаның бейнежазбасымен толық дәлелденген. Апелляциялық сот алқасының 2024 жылғы 26 маусымдағы қаулысымен Алматы облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі өзгертілді",- деп хабарлады Алматы облыстық соты.
Т.- ның әрекеттері қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігінен 104-бабының 1- бөлігіне қайта сараланып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, Т. жазасын кәмелетке толмағандарды ұстау үшін орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтейді.
Өндіріп алынған моральдық зиян өтемақысының мөлшері 10 млн.нан 3 млн.теңгеге дейін төмендетілді.
Қаулы заңды күшіне енді.