Елімізде аптап ыстыққа байланысты республикалық маңыздағы тағы бір тас жол учаскесі бүлінді

Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ
Қазақстанда аптап ыстыққа байланысты республикалық маңыздағы тағы бір тас жол учаскесі бүлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл арада РФ шекарасы (Самараға) – Шымкент тас жолы туралы сөз болып отыр.

"2024 жылғы 27 маусымда Түркістан облысындағы қатты ыстық күндерге (+45...+50 С) байланысты сағат 19:30 шамасында республикалық маңызы бар М-32 - "РФ шекарасы (Самараға) – Шымкент" автожолының 2155 шақырымында Түркістан қаласына қарайғы жол учаскесінің цементбетон жабынының плитасы көтеріліп кетті", деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ.

Қазіргі таңда мамандар ақауларды жою және жол жабынының қалыпқа келтіру бойынша жұмыстарды атқаруда. Оған 4 бірлік техника мен 10 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 

28 маусымда таңертең Жамбыл облысындағы Тараз – Қайнар тас жолының (244 км) бір бөлігінде қатты ыстықтан ақау пайда болғаны белгілі болды.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді