Ақтауда гипермаркеттердің бірінде тоңазытқышта тарақандар қаптап жүр

Сурет: pixabay
Ақтаудағы гипермаркеттердің бірінде наггетс пен котлеттер толы тоңазытқышта жүрген тарақандардың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, тұрғындарды тарақандардың мұздатқыш есігінің қырына жағалай жаппай жұмыртқалап үлгергені ашуландырды. Тұтынушылар дүкенге қатысты шаралар қабылдауды талап етеді.

Аталған жайтқа қатысты Lada.kz басылымына Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан түсініктеме берді:

"Гипермаркет басшылығына ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын, сондай-ақ адам денсаулығына зиян келтіруге әкеліп соқпаған гигиеналық нормативтерді, техникалық регламенттерді бұзу" бойынша айыппұл салынады".

Ведомство мұндай бұзушылықтар үшін ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1600 АЕК (5 907 200 теңге) мөлшерінде айыппұл салынатынын да нақтылады. Егер ол жеті күн ішінде төленбесе, онда сома 50%-ға өсіп, яғни 2 953 600 теңгені құрайды.


Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін