Ауғандық азамат Қазақстанда 15 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылды

Сурет: Zakon.kz
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ауғанстан азаматына есірткі контрабандасы туралы іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған тағылған айыптар: 

Сотта анықталғандай, Х.П. Ауғанстан Ислам Республикасының басқа азаматтарымен алдын-ала сөз байласу арқылы, адамдар  тобында ҚР шекарасынан жүк көлігімен аса ірі мөлшерде 3 килограммнан астам метамфетамин психотроптық затын «Кола» сусынының ыдысына жасырып кұйып, заңсыз өткізген. Одан әрі, осы психотропты заттарды заңсыз өткізу мақсатында Ресей Федерациясына тасымалдамау кезінде, Шымкент қаласы бойынша ҰҚК-нің қызметкерлерімен құрықталған.

"Жоғарыда көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, Х.М.П. ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігімен, 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3), 5) тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады". Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі

Сот үкімі күшіне енбеді.

Ауғанстан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі