Балқашта жоғалып кеткен төрт жасар бала жаяу-жалпы алты шақырым жол жүрген

Сурет: pixabay
2024 жылы 13 шілдеде Балқаш көлінде ересектердің қарауынсыз қалған төрт жасар бала демалыс аумағынан өз бетінше шығып, адасып кеткен. Ол жаяу-жалпы алты шақырым жолды артқа тастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі аталған оқиға жайлы баяндады.

"Бүгін Сарқан ауданында Балқаш көлінде ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған бала демалыс аумағынан өз бетінше шығып, адасып кетті. Іздестіру операциясы барысында бала демалыс орнынан 6 шақырым қашықтықта, көлдің жағалауында табылды. Құтқарушылар баланы анасына тапсырды. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Айта кетсек, 13 шілдеде Оралда ата-анасы көз жазып қалған кәмелетке толмаған үш баланы полицейлер іздеп тапқаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз