Алматыда қоқысты сұрыптау кезінде жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда жаңа туған нәресте өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Криминальный Казахстан" Telegram-арнасындағы мәліметке сүйенсек, 14 шілдеде "Green Recycle" ЖШС зауытында қоқысты сұрыптау кезінде кәсіпорын қызметкерлері конвейерлік желіде қоқыс пакетіне оралған баланың денесін тапты.

Алматы қаласы ПД аталмыш фактіні растады.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың анасының жеке басы және басқа жағдайлар анықталуда. Сараптама тағайындалды",-деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шымкентте 2024 жылғы 7 мамырда сағат 21:30 шамасында N2 облыстық перинаталдық орталықта әйел шала туған нәрестенің денесін жәшікке салып тастап кеткен.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті