Алматыда автобустың қатысыуымен тағы да бір ірі ЖКО тіркелді, зардап шеккендер бар

Сурет: Zakon.kz
Алматыда 2024 жылдың 16 шілдесінде автобустың қатысуымен ірі ЖКО орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, апат таңертең сағат 09:15-те Наурызбай ауданында болған.

"Жүк көлігінің жүргізушісі Әшімов көшесімен солтүстік бағытта, Шаляпин көшесінің солтүстігінде аялдамада тоқтаған 137-маршруттағы жолаушылар автобусына соқтығысқан. Инерция бойынша автобус жол жиегіне шығып, жеке үйдің қоршауына соқтығысқан",-деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Сурет: Zakon.kz

Алдын ала мәліметтер бойынша, автобустың тоғыз жолаушысы зардап шекті.

Сурет: Zakon.kz

Автобус адамдарға толы болған. Жолаушылар әртүрлі дене жарақаттарын алған.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз