Шымкентте екі көлік соқтығысып, алты адам зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
18 шілдеде Шымкент қаласында Арғынбеков көшесі бойында Toyota Camry мен Kia K5 соқтығысуы салдарынан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

OTYRAR Telegram арнасының ақпаратынша, зардап шеккендердің арасында екі кәмелетке толмаған бар. Барлық жолаушылар ауруханаға жеткізілді, олардың кейбіреулері ауыр жағдайда. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасына қатысушыларды өлімнен қауіпсіздік жастықтары құтқарды.

Сондай-ақ, басылым жүргізушілердің бір-біріне қарама-қарсы бағытта келе жатқандығын жазды.Toyota Camry көлігінің жүргізушісі қиылыста бұрылуға тырысқан сәтте, Kia K5 көлігімен соқтығысып қалды. Нәтижесінде, екі көлікте жол жиегіне шығып кетті.

18 шілдеде Алматының шетінде маршруттық автобус пен Toyota Windom автокөлігі соқтығысып, бір адам қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті. 

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды