Батыс Қазақстан өңірінде екі республикалық маңызы бар күре жолдың құрылысы аяқталуға жақын

Сурет: ҚР Көлік министрлігі
Жалпы ұзындығы 245 шақырымды құрайтын "Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы" мен "Өнеге-Бисен-Сайқын" күре жолдарында атқарылып жатқан күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Көлік министрлігінің ақпаратынша, бірінші жобада асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталса, екінші күре жолдың 10 шақырымын ғана салу қалды.

Сурет: ҚР Көлік министрлігі

"Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы" күре жолының 142 шақырымына жаңа асфальт төселді. Қазір күрделі жөндеу жұмыстарының соңғы сатысы жүзеге асып жатыр. Жолшылар жол қауіпсіздігін арттыру мақсатымен елді-мекендердің қасымен өтетін жол бөлігіне жарықтандыру орнатып, қажет жол белгілерін орнатып жатыр. Жол қолданушыларының ыңғайы үшін бес жаңа санитарлық гигиеналық торабы бар демалыс алаңдары да қарастырылды",- деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, бұл жол облыс орталығын Казталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарымен байланыстырып, Ресей Федерациясына шығуға мүмкіндік береді.

Сурет: ҚР Көлік министрлігі

Мердігер ұйым Өнеге-Бисен-Сайқын күре жолының соңғы 10 шақырымын салып, аяқтайды. Бір ай ішінде мамандар жолды абаттандыру жұмыстарына кіріседі.

Бұған дейін "Атырау-Астрахан" күре жолы қолданысқа берілетіндігі хабарланған болатын. Атылмыш жолды көлікпен 2,5-3 сағатта жүріп өтуге болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды