Алматылық фотограф Хан Тәңірінің таңғажайып суреттерімен бөлісті

Сурет: Instagram/dots_foto
Танымал фотограф Дмитрий Доценко жаңа туындылырын жариялады. Бұл жолы ол Хан Тәңірі шыңының таңғажайып көріністерімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол суреттерді Instagram-дағы жеке парақшасында жариялады.

"Осы әдемі таудың таңғажайып көріністерін түсіру бақыты бұйырды. Хан сүйікті мекендерімнің бірі, оның әртүрлі ракурсынан бірнеше мәрте сәтті кадрлар түсірген болатынмын. Бұл Қазақстанның ең биік тауыо – 7010 м және әлемдегі ең әдемі шыңдардың бірі! Аңызға айналған альпинист Анатолий Букреев Хан Тәңірі әлемдегі ең әдемі тау екенін айтты. Мұның бәрі оның биіктігі мен пирамидалық симметриясына байланысты", – деп жазды фотограф.

Сондай-ақ, ол қазақстандықтар осы сұлулықпен мақтану керектігін атап өтті.

"Суреттерді түсіріп жатып, осындай сұлулықты өз елімізде көре алатынымызға қуандым. Ия, Хан Тәңірі көбінесе бұлттардың артында жасырылады.Дегенмен, бүгін осы таудың сәтті кадрын ұстап алдым. Сізге қай фотосурет ұнағанын таңдаңыз", - деп түйіндеді Доценко.

Фотографтың оқырмандары Тянь-Шаньның ерекше кадрларын жоғары бағалады:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді