Алматы облысында "Қазақтелекомға" тиесілі сымдардың үзілуі салдарынан ұл бала қаза тапты

Сурет: akorda.kz
Алматы облысында "Қазақтелекомға" тиесілі сымдардың үзілуі салдарынан кішкентай бала қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға Кеген ауданының Шырғанақ ауылында болған.

"Қазақтелеком" АҚ ұжымы Алматы облысы, Кеген ауданы, Шырғанақ ауылында болған қайғылы оқиғаға байланысты марқұм баланың ата-анасы мен туған туыстарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады.  "Қазақтелеком" қаза тапқан баланың отбасына материалдық көмекпен қоса, өзге де жан-жақты көмектерді көрсетуге әзір", - деді Zakon.kz сайтына компаниядағылар.

Компания аталған трагедияға қатысты кінәлілер жауапқа тартылатынын баса атап өтті.

"Қазіргі уақытта жазатайым оқиға орнында ішкі істер органдары тергеу іс-шараларын жүргізіп, мән-жайлар мен электр беру кабелінің үзілуіне жол берген адамды анықтауда. Компания барлық мүдделі тараптармен бірге алдын ала шығарылатын қорытынды шешімді күтіп отыр", – деп толықтырды "Қазақтелекомнан".

Бұған дейін Теміртауда терезеден бала құлап, мерт болғаны хабарланған. 

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты