Алматы тауларында қарт ер адам көз жұмды

Үлкен Алматы шатқалының тауларында 66 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық жедел-құтқару жасағының мәліметінше, 1958 жылы туған ер адам тауға жалғыз шыққан.

Кейіннен келіскен уақытында байланысқа шықпағандықтан, туыстары құтқарушыларды шақырған.

"РЖҚЖ жедел тобы ер адамның денесін Үлкен Алматы көлінен төмен орналасқан төбелерден тауып, алаңға түсіріп полиция қызметкерлеріне тапсырды",- делінген ақпаратта.

РЖҚЖ мамандары қарт адамдарға арналған таудағы қауіпсіздік шараларын еске салды.

  1. Жалғыз жүрмеңіз. Егде жастағы адамдарға қолдау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін топпен тауға баруға кеңес беріледі.
  2. Жеңіл маршруттарды таңдаңыз. Белгісіз жердерге бармаңыз және ауа-райы болжамын қадағалаңыз. Жоспарларыңыз туралы біреуге хабарлаңыз.
  3. Биіктікке бейімделу үшін біртіндеп көтеріліңіз.
  4. Жиі үзіліс жасаңыз, жеткілікті су ішіңіз, дәрі-дәрмектер мен алғашқы көмек жинағын алып жүріңіз.
  5. Рельефте жақсы ұстайтын ыңғайлы аяқ киім киіңіз, ауа-рауы бойынша киініңіз және треккинг таяқшаларын қолданыңыз.
  6. Картаны және компасты немесе GPS-ті алып жүріңіз.
  7. Жергілікті жабайы табиғат туралы біліп, онымен кездесуге дайын болыңыз.

31 шілдеде Түркістан облысында 16 жастағы қыз селфиге түсемін деп таудан құлап, өзенге батып кеткені хабарланды.

Қазақстан Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: