FlyArystan-мен кезекті жанжал: әуекомпания әйгілі тележүргізушімен болған оқиға жайлы өз нұсқаларын айтты

FlyArystan әуекомпаниясы ұшақ бортында белгілі журналист және тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызымен болған оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ләйлә Сұлтанқызы 13 тамызда ұшақ ішінде жарақат алғанын айтқан болатын. Оның айтуынша, бортсеріктер мен әуекомпания алғашқы көмекке дайын болмаған — "Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ". Журналист FlyArystan әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан осындай жағдайға ұшырадым дейді.

"Шымкент – Астана КС7326 рейсінің қонуы барысында жолаушылардың ұшақтан шығуына дайындық кезінде, жолаушылардың бірінің тарапынан Ләйлә Сұлтанқызына көмек көрсету туралы өтініш түскенін хабарлаймыз. Бортсеріктер жолаушыға майлық мен суық қаңылтырлы бөтелкені ұсынды. Содан кейін, процедураға сәйкес, бортта медициналық білімі бар жолаушыларды іздеу туралы хабарланды және әуе кемесінің командиріне хабар беріп, дәрігер шақыруы сұралды",- делінген FlyArystan баспасөз қызметінің 14 тамыздағы ақпаратында.

Әуекомпанияның ақпаратынша, осы мезетте медициналық білімі бар жолаушылардың бірі жауап берді, сонымен қатар ұшақ баспалдағы жалғанып, қонудан кейінгі тиісті процедураларын аяқтағаннан кейін бортсеріктер әуежай қызметкерлеріне болған жай туралы жедел хабарлап, білікті медициналық қызметкерлерді сұрады.

"Алайда, ұшақтан түсіру кезінде жолаушы дәрігерлерді күтпестен борттан шығып кетті". FlyArystan баспасөз қызметі

Сондай-ақ, олар экипаж тарапынан бортта алғашқы медициналық көмек қобдишасы жоқ екендігі туралы ақпарат болған жоқтығын нақтылады.

"Сондай-ақ, біздің ұшақтың бортында белгіленген стандарттарға сәйкес жабдықталған алғашқы медициналық көмек қобдишаларының үш түрі бар екенін еске салғымыз келеді. Аталған жолаушыға қатысты білікті медициналық қызметкерлерді іздеу және шақыру бойынша алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Алайда жолаушы дәрігерлерді күтуден бас тартты".FlyArystan баспасөз қызметі

Әуекомпания Ләйлә Сұлтанқызынан шынайы кешірім сұрап және тезірек сауығып кетуін тіледі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: