Әлемдік төтенше жағдай: маймыл шешек ауруы жылдам тарауда

ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс маймыл шешек эпидетін халықаралық маңызы бар денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 тамызда, Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары аурудың өршуіне байланысты денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай жариялады.

"Бүгін Төтенше жағдайлар комитеті жиналып, болып жатқан жағдай халықаралық маңызы бар денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай екенін айтты. Мен бұл кеңесті қабылдадым", — делінген РИА Новости ақпаратында.

Оның айтуынша, 2023 жылы маймыл шешегінің тіркелу жағдайы едәуір өскен. Ал, биылғы көрсеткіш, былтырғыдан да асып түсті. Бүгіннің өзінде – 14 мыңнан астам жағдай тіркелді, олардың 524-і өліммен аяқталды.

"Конгоның шығыс бөлігінде маймыл шешегінің жаңа түрі тез таралуда. Енді оның көрші елдерде немесе Африканың басқа да мекендерінде тарап кету мүмкіндігі алаңдатып тұрған мәселе", – деп атап өтті ДДҰ басшысы.

Маймыл шешегі – маймыл шешегі вирусынан туындайтын зооноздық (адамға жануарлардан жұғатын) жұқпалы ауру. Сондай-ақ, бұл инфекция адамнан адамға берілуі мүмкін. Алғаш рет маймыл шешегі 1958 жылы зертханалық маймылдар колониясында, ал адамдарда 1970 жылы анықталды. Негізінен маймыл шешегі Орталық және Батыс Африка елдерінде кездеседі. 2022 жылғы мамырда маймыл шешегі эндемиялық емес бірнеше елдерде анықталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бүгінге дейін маймыл шешегі әлемнің 75 елінде анықталған, 16 мыңнан астам жұқтырған және 5 адам қайтыс болған. Көбінесе инфекция Еуропа мен Америкада анықталады, ерлер арасында жиі кездеседі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: