Тараз қаласы ПД бастығы жаңадан тағайындалды

Сурет: Instagram/zhambyl_police
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Тараз қаласы Полиция басқармасының бастығы лауазымына полиция полковнигі Мадимаров Ардақ Тілегенұлы тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылдың 21 тамызында Жамбыл облысының полиция департаменті мәлімдеді.

Ардақ Тілегенұлы — Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген. 1997 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясын аяқтаған. Ішкі істер органдарындағы еңбек жолын жедел уәкіл қызметінен бастаған. Бірнеше басшылық лауазымдарда қызмет еткен.

Ардақ Тілегенұлы жаңа қызметіне дейін Жамбыл ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарған.

Бұған дейін Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары ауысқаны белгілі болды. 

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді