Алматы полициясы балаларды ұрлап жатқан маньяк туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Сурет: рixabay
Алматылық кейбір тұрғын қалада балаларды ұрлайтын маньяк пайда болғанына сенімді. Қала полициясы бұл қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде балалы әйелге шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарады. Белгісіз адам әйелді ұрып, баланы алып кеткісі келген. Осы сәтте куәгерлер көмекке келіп, құтқарып қалған. Алайда, шабуылдаушы ұсталмады. Қала тұрғындарынан қырағы болуды сұрайды.

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметі әйелге шабуыл жасау фактісін растады, бірақ маньяк туралы қауесетті жоққа шығарды.

"Алматы қаласының полиция департаменті әйелге дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды. Күдіктіні ұстау шаралары қабылдануда. Істің объективті мән-жайлары белгіленеді. Сонымен қатар, балаларды "ұрлайтын" маньяк туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз", — делінген хабарламада.

Алматы полициясы жалған ақпарат таратпауды және жалған ақпараттың таралуына ықпал етпеуді талап етеді. Бұл үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қостанайда өзенге ағып кеткен баланың мәйіті 5 күн дегенде әрең табылды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз