Алматыдағы жол апаты: соқтығысқан екі көліктің де сау-тамтығы қалмады

Сурет: Zakon.kz
2024 жылы 25 тамызда таңертең Жандосов-Әуезов көшелерінің қиылысында жол апаты болып, екі көлік соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ВАЗ-2114 автокөлігі Жандосов көшесімен шығыс бағытта келе жатқан. Zakon.kz тілшісінің мәліметінше,  Автокөлік жүргізушісі қиылысқа жеткен сәтте оңтүстік бағыттан оған қарай бар жылдамдықпен Audi A8 көзді ашып-жұмғанша құйғытып жетіп келген.

Осылайша Audi ВАЗ-2114-ті киіп кетеді.

Қатты соққы салдарынан екіншісі бір орнынан айналып, жолдың шетіне ұшып кеткен.  Екінші көлік те жолдан шығып, арыққа доңғалақтарымен "асылып қалған".

Сурет: Zakon.kz

Жол апатына себеп - Audi жүргізушісінің бағдаршамның тыйым салынған қызыл белгісіне тоқтамауы. 


Салдарынан үш адам зардап шекті. Үшеуі де ВАЗ-2114 көлігінде болған.

ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі мен 17 жастағы жолаушысының жағдайы ауыр.

Сурет: Zakon.kz

Негізгі соққы жүргізуші отырған тұстан тиген. Соқтығысу кезінде ол рөл мен жүргізуші орындығының арасында қысылып қалған. Оны алып шығу үшін оқиға орнына құтқарушылар келді.

Қатты соққыға қарамастан, Audi-де зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Алматыда қалалық автобус пен автомобиль соқтығысқаны хабарланған болатын.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз