Жекеменшік жеңіл моторлы ұшақ Ақмола облысындағы тас жолға қонды

Сурет: pixabay
Жекеменшік жеңіл моторлы ұшақ Ақмола облысындағы тас жолға қонды, деп хабарлайды Zakon.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 2024 жылы 10 қыркүйекте жеке ұшқыш куәлігі бар, жалпы қолданысқа арналған TL-2000 аса жеңіл ұшағын пайдалану кезінде әуесқой ұшқыш Степногорск қаласы маңындағы көп пайдаланыла бермейтін автомобиль жолына қонған.

"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, ұшақ жол жанындағы ылғалды топырақ алаңға қону мүмкін болмағандықтан автомобиль жолы учаскесіне қонған. Көп ұзамай ұшақ өзінің базалық әуеайлағына оралды", - деді ведомстводан.

Сонымен қатар, ұшқыштың іс-әрекеттерінде бұзушылық белгілері байқалғаны да нақтыланады. 

"Осыған байланысты, аталған жағдайдың барлық мән-жайын егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін "Қазақстанның авиация әкімшілігі" АҚ және Азаматтық авиация комитеті жалпы мақсаттағы авиация құралдарын пайдаланушысын заң аясында жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Бұл жағдайда ешкім зардап шеккен жоқ", делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады