Алматыдағы екі оқушы қыздың өлімі: Білім басқармасы мәлімдеме жасады

Сурет: Zakon.kz
Алматының Алмалы ауданында қос жасөспірім қыз биіктіктен құлап, мерт болды. Қалалық білім басқармасы істің мән-жайын зерделеу үшін арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, бұл факт бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Кейінірек білім басқармасы арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.

"Алматы қаласының білім басқармасы тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, істің барлық мән-жайын анықтау жөніндегі комиссия құрылғанын хабарлайды", делінген ведомствоның хабарламасында.

Бұған дейін Алматыдағы көпқабатты үйдің терезесінен екі қыз құлағаны хабарланған болатын. Куәгерлер тұрғын үй маңындағы асфальтта жатқан оқушылардың денесін көріп, төтенше жағдайлар қызметіне хабарлады. Жедел жәрдем дәрігерлері мен полиция қызметкерлері қайғылы оқиға орнына шұғыл келіп жетті, бірақ балаларды құтқарып қалу мүмкін болмады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы