"Тамақ күйіп, бықсыған". Жезқазғанда үлкендердің қарауынсыз үйде қалған үш бала құтқарылды

Сурет: pixabay
19 қыркүйекте Жезқазған қаласында от шыққан пәтерде үлкендердің қарауынсыз, қамаулы қалып кеткен үш кішкентай бала құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға көппәтерлі тұрғын үйдің 5-ші қабатындағы пәтерде болған.

Көршілер балалардың қорқып айқайлағанын естіп, жағымсыз түтіннің иісін сезгеннен кейін төтеншеліктерге хабар берген.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар есіктің құлпын бұзып ашып, іштегі 2017, 2020 және 2022 жылдары туған үш баланы эвакуациялады. Түтін электр пеште қалып кетіп, күйген тамақтан шыққан.

Балалар медициналық көмекее мұқтаж болмады. Ал олардың неге қараусыз қалғаны анықталып жатыр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі