"Арнайы қалпақ кигізді". Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 17 адам құтқарылды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бүгін, 19 қыркүйекте Қарағандыда Ермеков көшесі бойындағы тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт болып, 17 адам, оның ішінде жеті бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Апаттар медицина орталығының шұғыл әрекет ету тобы оқиға орнында зардап шеккен 2011 жылғы балаға шұғыл медициналық көмек көрсетті. Тоғыз қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерлердің бірінде тұрмыстық заттар мен қоқыс өртенгені анықталды. 

"ТЖД күштерінің жедел әрекеттерінің арқасында өрт кезінде тұншығудан қорғау қалпақтарының көмегімен 17 адам, соның ішінде 7 бала құтқарылды", делінген хабарламада.

Бұған дейін Жезқазған қаласында от шыққан пәтерде үлкендердің қарауынсыз, қамаулы қалып кеткен үш кішкентай бала құтқарылғаны хабарланған. Кейін электр пештегі тамақ күйіп, үйді түтін басқаны белгілі болды.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі