Өскеменде полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Фото: Zakon.kz
Өскеменде полиция қызметкері жеке автокөлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шегуші алған жарақаттарының салдарынан тілге келмей көз жұмды. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 2024 жылдың 18 қыркүйегінде түскі ас кезінде тіркелді.

"Полиция қызметкері "ВАЗ 21140" маркалы жеке автокөлігімен келе жатып, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті". ШҚО ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, жаяу жүргіншінің алған дене жарақаттары салдарынан сол жерде көз жұмғаны атап өтілді.

"Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде", — деп қорытындылады ведомствода.

Бұған дейін Алматы тауларында ер адамның мәйіті табылғаны хабарланды.

Өскемен
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды