Балқашта құбыр ауыстыру жұмыстары кезінде жер астынан үш адамның денесі табылды

Фото: Zakon.kz
Балқашта құбыр ауыстырып жүрген жұмысшылар жер астынан үш адамның денесін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК ақпаратынша, бірнеше жыл бұрын көмілген мәйіттер шіріп, тек сүйегі қалған.

Құбыр ауыстырып жүргендер алдымен бір адамның сүйегін көреді. Полиция адам сүйектерін алып жатқанда тағы екі адамның денесі табылған. Сот-медициналық сараптама табылған адам денелері жер астында бірнеше жыл жатқан деп болжайды. Өйткені етінен дым қалмаған.

"Үш адамның сүйегін табу дерегі бойныша үш қылмыстық іс қозғалды. Сот сараптамасы тағайындалды. Сүйектер Қарағанды қаласына сот сараптамасына жолданды. Соның қорытындысы бойынша саралаймыз және шешім қабылдаймыз". Айткен Қадрин, Балқаш қаласы полиция бөлімінің бастығы

Сонымен қатар сүйектердің жатысына қарай үшеуі де қасақана өлтіріліп, көмілген болуы мүмкін деген жорамал бар. Полиция із түзсіз кеткендердің деректерін көтеріп, мәйіттердің жеке басын анықтауға кірісті.

Бұған дейін Алматыда жеңіл көлік қаққан ер адам оқиға орнында жан тапсырғаны хабарланды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

Қазақстанда гуманоид роботтар өндірісі бір жолға қойылады

Қазақстанда аптап ыстық алдағы уақытта қалыпты жағдайға айналуы мүмкін

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды