Екі өңірді қамтыған алапат өрт: қызыл жалын 21 гектар жерге тарап үлгерді

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында және Павлодар облысының Баянауыл табиғи паркінде дала өрті болып жатыр. Қызыл жалын 21 мың гектар жерге тарап үлгерген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Тәуібековке сілтеме жасап, ekaraganda.kz жазады.

"Өрт шалған аумақтың жалпы ауданы 21 мың гектарды құрайды. Тартылған күштер мен құралдар өртке қарсы күрес және өрт ошақтарын жою бойынша жұмыстарды жүзеге асыруда", – деді Ораз Тәуірбеков.

7 қазанда таңертең Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өрт шалған аумақ 6 мың гектарды құрағанын және өрт оқшауланғанын хабарлады. Өрт 6 қазанда Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің  Қарағанды облысымен шектескен ормансыз аумағында болған.

Қарағанды
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді