Петропавлда өртеніп жатқан үйден полицейлер ер адамды аман-есен алып шықты

Сурет: pixabay
Петропавлда полиция қызметкерлері өртеніп жатқан үйден ер адамды аман-есен алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 қазанға қараған түні сағат 03:00 шамасында патрульдеу барысында Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Санат Еменалин мен Ерлан Тайланов Жұмысшы ауылындағы үйлердің бірінде өрт болып жатқанын байқайды. Өрт сөндірушілерді шақырғаннан кейін, полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына қарай бет алады. Жалын шаруа қожалықтары мен уақытша баспанаға тез тарады. Көршілердің бірі осы уақытша баспанада адамдар тұрып жатқанын айтқан. 

"Есік оттың кесірінен жабылып қалды. Біз терезені сындырып, терезеге жақындаған адамды түтіндеп жатқан үйден шығарып алдық. Осы мезетте өрт бөлмені шарпыды. Жарылыс естілді. Мүмкін газ баллоны жарылған шығар деген ойға келдік", – дейді Санат Еменалин.

Көршілермен бірге полиция қызметкерлері өрт сөндірушілер келгенше өртті оқшаулау шараларын қабылдады.


Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз