Шымкентте балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Фото: pexels
Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарарлық сотында балабақша тәрбиешісіне қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Әйел балаға қатігездік танытқан. Оның бұл әрекеті балабақшадағы бейнекамераларға түсіп қалған. 

Сотта анықталғандай, айыпталушы тәрбиеші ретінде жұмысын жасап жүріп, тобындағы кәмелет жасына толмаған жәбірленуші Б.-ға екі рет ұйықтау қажеттігін ескерткен. Алайда жәбірленуші Б. сотталушыны тындамаған, содан, сотталушы жәбірленушіні қолынан ұстап, жұлқылаған, әрі қарай жәбірленушіні аяғынан тартып, сүйреген, нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірмейтін жарақаттар салған.

Әйелдің бұл әрекетіне қатысты айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту не қамаққа алу жазасы көзделген. Алайда прокурор сотталушы мен жәбірленуші татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

"Сотталушы өзінің кінәсін мойындап, шынайы өкініш білдіріп, жәбірленушінің заңды өкілінен кешірім сұрап, онымен татуласып, оған келтірген материалдық және моральдық залалды толық өтеуіне байланысты, сот ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық істі тоқтатып, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатты",- делінген сот хабарламасында.

Бұған дейін Алматы облысында бизнес бойынша серіктесін атып өлтірген айыпталушыға қатысты үкім шықты. 

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты