Бас прокуратура тағдыр тәлкегіне түскен Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша пікір білдірді

Сурет: ҚР СІМ
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев 2024 жылғы 31 қазанда Сенаттың куларында Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялау мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғалымжан Қойгелдиев Бас прокуратура ҚР СІМ-мен бірлесіп тиісті жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Біз бұл істі тоқтатқан жоқпыз. Жұмыс белсенді жүргізілуде. Жақын арада шешілетіндігіне сенімдімін. Бізге оның елде жазасын өтегісі келетіні туралы мәлімдемесі келді. Ол өзінің адвокатымен үнемі байланыста", — деп қосты ол.

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Ол есірткі контрабандасы үшін айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын. 

2015 жылы ҚР ІІМ "Ақжарқынды алдаған" Нигерия азаматына қатысты қылмыстық істі қозғады. 2022 жылғы 22 маусымда Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша ұсталған нигериялықты Қазақстанға экстрадициялауды жоспарлап отырғаны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді