Полиция қызметкерлері ұрланған 3,5 мың мал басын иелеріне қайтарды

Фото: primeminister.kz
Абай облысында криминалдық полиция қызметкерлері жылқы ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Топ төрт адамнан тұрған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ мәліметінше, күдіктілердің 50-ден астам жылқы ұрлағаны анықталды.

"Олардың бірі шаруа қожалығын басқарған. Ұрланған малды далалы жерге апарып, етін сату үшін сойып отырған. Тірі жылқыларды КамАЗ-бен оңтүстік аймаққа, ал етті облыс базарларына апарған",- делінген ақпаратта.

Қаскөйлер бүгінде қамауға алынды.

"Жалпы соңғы бес жылда мал ұрлығы 64%-ға азайды. Жыл басынан бері 419 мал ұрысы ұсталды. 65 қылмыстық топ жойылды. 3,5 мыңға жуық мал иелеріне қайтарылды. Айта кету керек, мал ұрлығы үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Бұған дейін Ақмола облысында тоқтатылған жүк көлігіндегі тиеулі қарағай ағаштары ұрланған болып шықты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек