"Бишімбавтың ізбасары": қызды аяусыз ұрып-соққан қазақстандықтың әрекеті көпшіліктің жағасын ұстатты

Фото: pexels
Әлеуметтік желіде Ақтауда ер адамның жұртшылықтың көзінше қызды аяусыз ұрып-соққан бейнесі тарауда. Жазбадағы ақпаратқа сүйенсек қыз оның "сүйіктісі", деп хабарлайды Zakon.kz.

Желіде тараған кадрлардан ер адамның қызды бірнеше рет ұрғанын, тұншықтырғысы келгенін және аяғынан тепкенін байқауға болады. Ал, суреттерде соққы салдары бейнеленген.

Әзірге жәбірленушінің жігітке кім боп келетіні белгісіз. Дегенмен, жазбадағы ақпаратқа сүйенсек ару қатігез жігіттің "сүйіктісі" болуы да мүмкін. Желі қолданушылары ер адамға бірауыздан "Бишімбаевтың ізбасары" деген лақап ат берді.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі келесідей түсініктеме берді:

"Патрульдік экипаж бұзақылық әрекеттердің алдын алды. Оқиғаға қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Ұрып-соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары жүргізілуде".

Бұған дейін Алматыда 15 жыл бірге тұрған күйеуінің қолынан қаза тапқан қаржыгер әйел өліміне қатысты тың мәліметтер жарияланды.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін