Семейде жүк тиегішті мас күйде басқарған жүргізуші жол апатын тудырды: үш адам зардап шекті

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Семейде 8 желтоқсан күні кешке Қаржабайұлы мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, жүк тиегіштің жүргізушісі мас күйде болған, соның салдарынан қауіпсіздікке көз жеткізбестен бұрылыс жасаған. Нәтижесінде, Lada Priora көлігімен соқтығысты, көлік қатты соққыдан қарсы жолаққа шығып, Дулатов көшесінен шыққан Lexus-пен түйісті.

Апат салдарынан Lada Priora көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы орташа жарақат алды. Зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

Тиегіштің жүргізушісіне денсаулыққа зиян келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу қозғалды.

Бұған дейін Талғардың шетінен Шерзат Полаттың ағасының мәйіті табылғаны хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі