Үшарал-Достық автожолында 26 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды

Фото: unsplash
18 желтоқсанда түнде Алакөл ауданында ауа райының нашарлауы мен қалың қардың салдарынан 26 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ дерегінше, оқиға Үшарал-Достық автожолының Ырғайты мен Жаланашкөл учаскелерінің аралығында болған.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Құтқарушылар жол талғамайтын Трэкол және Вазтовка автокөлігімен Көктума ауылына 26 жүргізушіні  жеткізді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

"ТЖМ қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді, дауылды ескертулерге назар аударыңыз және ауа-райы нашарлаған жағдайда үйде болыңыз!",- деп ескертті ведомство.

Бұған дейін Алматы облысында қараусыз қалған зауыттың жанынан әйел адамның мәйіті табылғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?